ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
САЯСАТЫ







Untitled Document
 05.09.2010    
  Астана +26 c` +8 c`
  Алматы +24 c` +9 c`
  Усть - Каменогорск +23 c` +0 c`
  Атырау +35 c` +18 c`
  Петропавловcк +26 c` +13 c`
  Шымкент c` c`
 

Мәлімет үшін

2010 жылдың 30 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне барлығы 71 өтініш келіп түсті. Оның ішінде заңды тұлғалардан – 30, жеке тұлғалардан – 41 өтніш. Бүгінгі күні, Министрлік бойынша 28 заңды тұлға және 39 жеке тұлғалардың  өтініштеріне жауап берілді. 2 заңды және 2 жеке тұлғалардың өтініштері қарастырылуда.

 
 

2010 жылдың 20 қазанында Тараз мемлекеттік педагогикалық институты Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Берік Бәкірбаевтың 60 жас мерейтойына арналған «ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛЬДЕУІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.


2010 жылдың 11-12 қазанында Климат өзгеруі бойынша Екінші Орталық-Азия-Еуропалық CAEFOCC-2 Форумы (Қырғызстан, Бішкек қ., 20-21 сәуірге жоспарланған) Астана қаласында өтеді. CAEFOCC-2 Форумының негізгі мақсаты орталық-азия аймағындағы климат өзгеруі мәселесін көтеру мен талқылауда мүдделі тараптар (мемлекеттік құрылымдар, тәуелсіз сарапшылар және азаматтық қоғам ұйымдары) шеңберінің негізгі ойыншыларын біріктіру.


2010 жылғы 17 тамыз. Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеру негіздемелік конвенциясының (БҰҰ КӨНК) Киото хаттамасы бойынша міндеттемелерін орындау мақсатында, 2010 жылы Қоршағанортамині БҰҰ КӨНК хатшылығына Қазақстан Республикасы парниктік газдар шығарындыларының кадастры бойынша Ұлттық есебін (1990-2008 жылдар бойынша парниктік газдар шығарындылар инвентаризациясы) ұсынылған болатын.


2010 жылдың 13 тамызында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен «Қазақстанда экологиялық таза өнімдер индустриясын құру перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда.


2010 жылдың 2 – 6 тамызында Бонн қаласында (Германия) Киото хаттамасы шеңберіндегі І Қосымша елдерінің болашақтағы міндеттері бойынша арнайы жұмыс тобының 13 отырысы және Қоршаған ортаны қорғаудың Вице-министрі Е.Сәдуақасованың басшылығымен климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ Негіздемелік конвенциясының атқарушы хатшысы Кристиана Фигуерес ханыммен кездескен Қазақстан Республикасы делегациясының ұзақ мерзімді ынтымақтастық шаралары бойынша арнайы жұмыс тобының 11 отырысы болып өтті.


2010 жылдың 24 шілдесінде Алматыда Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімовтің қатысуымен «Іле Алатауындағы тасқын жағдайы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.


2010 жылдың 23 шілдесінде Астана қаласында ҚР Қоршағанортамині және БҰҰ ДБ «Қазақстан Республикасындағы стратегиялық жоспарға климаттың өзгеру мәселелерін біріктіру арқылы орнықты даму саласындағы әлеуетті арттыру» бірлескен жобасы шеңберінде ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері үшін: «Климаттың өзгеруіне бейімделу: ұлттық басымдылық және локальды деңгейде жүзеге асыру» атты таныстыру тренингі болып өтеді.


2010 жылдың 18 шілдесінде ГФР Федералды канцлері А. Меркельдің келу сапары шеңберінде мемлекеттік органдар мен бизнес құрылымдары өкілдерінің қатысуымен қазақстан-германдық бизнес форумы болып өтті. Аталған іс-шара шеңберінде екі ел басшысының қатысуымен Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Әшімов пен ГФР табиғатты және ядролық реакторларды қорғау Федералды министрі Н. Реттген арасында Германия Федеративті Республикасының Қоршаған ортаны қорғау саласындағы табиғат және ядролық реакторлар қауіпсіздігін қорғаудың федералды министрлігімен және Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігімен серіктестік шеңберінде іс-әрекет Бағдарламасына қол қойылды.



Министрліктің баспасөз хатшысы Әбенова Аида Асылбекқызы
Тел./факс 79 83 90
e-mail: aida28.80@mail.ru
 






   
         
         
      
 















Барлық құқықтар қорғалған © 2003-2010г. ҚР ҚОҚМ «ҚОҚ АТО» РМК